Таразда бокстан ҚР чемпионатының финалы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда бокстан ҚР чемпионатының финалы өтеді

04.12.2014
Таразда бокстан ҚР чемпионатының финалы өтеді

Бүгін Тараз қаласындағы Бокс сарайында ел чемпионатының финалы өтеді. Жақында жартылай финалдық жарыстар өтіп, соның қорытындылары бойынша ақтық сайысқа Оңтүстік Қазақстан облысынан алты спортшы, Ақмола және Жамбыл облыстарынан - төрт спортшыдан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан - бір спортшыдан, Алматы облысы мен Астанадан - бір спортшыдан шықты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

49 келі салмақта шаршы алаңда Жомарт Ержанов (ОҚО) пен Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы), 52 келі салмақта - жамбылдық Олжас Сәттібаев пен маңғыстаулық Азамат Исақұлов, 56 келі салмақта - Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы) пен Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы), 60 келі салмақта - Ержан Мұсафиров (Қарағанды облысы) пен Закир Сафиуллин (ОҚО), 64 келі салмақта - Алмасбек Әлібеков (ОҚО) пен Самат Бәшенов (Астана) кездеседі.

69 келі салмақта екі жамбылдық спортшы - Сағадат Рахманқұлов пен Асланбек Шымбергенов жолығады.

75 келі салмақта - Мейірім Нұрсұлтанов (Астана) пен Нұрзат Собиров (ОҚО) кездеседі.

81 келі салмақта Нұрдәулет Жарманов (Ақмола облысы) пен Арман Рысбек (Алматы облысы) күш сынасады.

91 келі салмақта Асқар Абдоллаев (ОҚО) пен Алмат Серімов (Ақмола облысы) кездеседі.

91+ келі суперауыр салмақта финалға Нұржан Бекзатов (ОҚО) пен Руслан Мырсатаев шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында бокстан ересектер арасында он салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионаты өтуде. Республика біріншілігіне 14 облыс пен Астана және Алматы командалары, жалпы саны 200-ден астам боксшы қатысуда. Біріншіліктің негізгі мақсаты - Ұлттық құрамаға боксшыларды іріктеу.

Хабарламаларға жазылу