«Данышпан Уилл Хантинг» драмасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Данышпан Уилл Хантинг» драмасын көріңіз

02.08.2015
«Данышпан Уилл Хантинг» драмасын көріңіз

Уилл Хантинг — 20 жасар бостондық данышпан.  Қит етсе басы бәлеге қалады. Полиция оны кезекті төбелесте тұтқындағанда математика профессоры оны өз қамқорлығына алады.

Бірақ бір шартпен: Уилл психотерапия курсынан өтуі тиіс. Сенбеушіліктен басталған «қайта тәрбиелеу» сеанстары  біртіндеп Уилл мен оның ұстазының достығына ұласады.

Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек негізгі кейіпкерлерін сомдаған «Данышпан Уилл Хантинг» драмасын бүгін 22:25-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу