1 тамыздан күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) төмендегі пойыздарға 10 пайыздық жеңілдіктер енгізіледі:
№35 Алматы-Шымкент бағытына;
№49 Алматы-Ақтөбе бағытына;
№50 Ақтөбе-Алматы бағытына;
№78 Атырау-Алматы бағытына;
№90 Қызылорда-Астана бағытына.
Бұдан бөлек, барлық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа) жоғары орындарына 5 пайыз көлемінде жеңілдіктер жасалады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, «Құрмет» (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және «Жастар» (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконт карталарға қазіргі 10 пайыздық жеңілдікті 30 пайызға дейін көбейтілген.
«Саяхатшы» дисконт картасы жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылған:
100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз;
150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны – 15 пайыз;
200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз.
ФОТО: pfoto-rzd.com