Дрон жасағы Цзянсу провинциясының астанасы Шанхайдың солтүстігінен 300 шақырымдай жердегі Нанкин қаласы полициясында жасақталды. Бір жасақта сегіз дрон әрекет ететін болады.
Былтырдан бері дрондар әлем фотографтары мен техникалық гиктердің назарын аудартқан еді. Сондай-ақ, мұндай ұшқышсыз ұшу аппараттары түрлі мемлекеттік қызметтер мен жеке компаниялардың да қызығушылығын арттырып отыр.
Қауіпсіздік және заңдық мәселелерге қарамастан, Нанкин полициясы дрондарды қала көшелеріндегі тәртіпті қадағалау мақсатында қолға алды. Дрон полицейлерінің алғашқы жасағы бүгінде жұмысқа кірісіп те кеткен.
Нанкин қаласының қоғамдық қауіпсіздік бюросының хабарлауынша, дрондар жалпыхалықтық шаралар кезінде, іздеу жұмыстарын жүргізгенде және төтенше жағдай кезінде көмек көрсету мақсатында қолданылады.