1894 жылы Әлемде тұңғыш рет Париж қаласында көліктер жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1894 жылы Әлемде тұңғыш рет Париж қаласында көліктер жарысы өтті

22.07.2015
1894 жылы Әлемде тұңғыш рет Париж қаласында көліктер жарысы өтті

Автомобильдер жарысында өзі қозғалатын экипажды көліктің жаңа түрі көрсету керек болған. Қатысушылар 12 сағатта көліктерімен Париж-Руанды аралығын жүріп өтуі тиіс еді. Көліктер формасының және құрылысының түрлілігімен көпшілікті таңғалдырған. 39 автомобиль ішкі қыздырғыш двигательдерін игерген, ал, олардың соңынан 28 бу машиналары жүрген.

Іріктеу кезеңінен соң жарысқа қатысуға 14 бензинді, 7 бу двигательдермен, жалпы саны 28 автомобиль жіберілген.

Жартыминуттық арақашықтықпен жүрген көліктер Парижден солтүстік-батысқа қарай 126 шақырым жатқан Руан қаласына бағыт алған. Мәреге дейін тек 17 көлік келген. Ең үлкен жылдамдыққа (22 км/сағ) Альбера Де Дионада ие болған. Бірақ, қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды «Peugeot» пен «Рanhard-Levassor» көліктері бөліскен. Қазылар алқасы оларды эксплуатацияға ең сенімді көліктер деп шешкен.

Хабарламаларға жазылу