22 шілде – Әзірбайжан Республикасының ұлттық баспасөз күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 шілде – Әзірбайжан Республикасының ұлттық баспасөз күні

22.07.2015
22 шілде – Әзірбайжан Республикасының ұлттық баспасөз күні

Әзірбайжанда 22 шілде – ұлттық баспасөз күні ретінде тойланады. Себебі, Гасан-бек Зардабидің бастамасымен елдің алғашқы газеті «Экинчи» (1875-1877) жарыққа шыққан. 

Әзірбайжанның ұлттық баспасөзі XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басындағы ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына  айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар, тұтас Шығыста алғашқы демократиялық республиканың пайда болуына және 1919 жылы Құрама Штаттарындағыдай әйелдердің де дауыс беру құқығын иеленуіне мүмкіндік берді.

1980 жылдары республиканың ұлттық баспасөзі азат және демократиялық баспасөз қызметін атқара бастады. Адамдардың ой-пікірлеріне деген құрмет, жылдам ақпарат беру, пікір алуандылығы мен толеранттылықты насихаттау – газеттің негізгі миссиясы болды.

1998 жылдың 16 тамызынан бастап ел президенті Гейдар Алиевтің «Әзірбайжан Республикасындағы сөз, ой және ақпарат бостандығын қалыптастыру шаралары» Жарлығымен елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына деген цензура алынып тасталды.

Әзірбайжан жаһандық ақпараттық жүйеге қосылды. Көптеген демократиялық елдердегідей Әзірбайжан Республикасында да Баспасөз кеңесі және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды (1999 жыл, 7 желтоқсан, № 769-IQ).

Хабарламаларға жазылу