Бүгін IСТМ конференциясының жабылу рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін IСТМ конференциясының жабылу рәсімі өтеді

22.07.2015
Бүгін IСТМ конференциясының жабылу рәсімі өтеді

Бүгін Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде  IСТМ 43-ші Дүниежүзілік конференциясының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

IСТМ Дүниежүзілік конференциясы 1947 жылдан бастап әлемнің түрлі аймақтарында екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Бұл шара – жаһан елдерінің мәдени дамуындағы айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді.

Аталмыш конференцияға әлемнің 70-тен аса мемлекетінен 800-дей сарапшы-ғалымдар мен өнер саласындағы ұйымдастырушылар қатысты.

Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия секілді т.б. көптеген мемлекеттердің өкілдері бір апта бойы ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді зерттеу саласында пікір алмасты.

Хабарламаларға жазылу