21 шілде күні Астанада дәрігерлердің бала денсаулығына немқұрайдылық танытуына қатысты баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан баспасөз клубы.
Самғат Ғарифуллаұлы – Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданының Комсомольский ауылындағы перзентханада дүниеге келген. Үш жасқа дейін сәби қалыпты өскен, алайда, жасалған отадан кейін бала өмір белгілерінен айырыла бастаған.
Дәрігерлердің немқұрайдылығынан бала мүгедек болып қалса да, Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Медициналық университет ары қарай емді жалғастыру үшін қандай да бір өтемақыны төлеуден бас тартып отыр.
Баспасөз мәслихатына Самғат Ғарифуллаұлының анасы Есмаханова Айжамал мен адвокаты Сәлім Сағындықұлы және қоғам қайраткері Динара Сәтжан қатысады.