Астанада ертең Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді

06.04.2015
Астанада ертең Денис Теннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді

Денис Тен баспасөз жиынында Қытайда өткен Әлем чемпионаты мен алдағы  жоспарларымен бөліспек. Айта кетейік,  Денис  2014/2015 жылғы маусымда халықаралық төрт жарыстың  жүлдегері атанған.

Төрт құрлық чемпионаты: алтын медаль (Сеул, 9-15 ақпан 2015 ж).                  

Әлем чемпионаты: қола медаль (Шанхай, 23-29 наурыз 2015 ж.).

Trophée Eric Bombard турнирі: қола медаль (Бордо, 21-23 қараша 2014 ж).

«Алтын құлын» турнирі: алтын медаль (Загреб, 4-7 желтоқсан 2014 ж).

Баспасөз жиынына Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Төрт құрлықтың чемпионы (2015), екі дүркін Әлем чемпионы (2013, 2015) мәнерлеп сырғанушы – Денис Тен. «Астана» ПКСК бас директоры – Ю.В. Мельниченко. Және «Астана» ПКСК  бас эксперті – Д.Ж Жандилдин қатысады.

Баспасөз мәслихаты сағат 15:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу