Сусоно (Сидзуока әкімшілігі) қаласында орналасқан «Фуджи» хайуанаттар бағына келушілер пілдердің шомылуын бақылай алады.
Хайуанаттар бағының басшылығы алып жануарлар үшін 65 метрлік арнайы әйнектен жасалған бассейн ашқан. Әдетте пілдер орта есеппен 180 метрге дейін жүзеді.
Жануарлардың бассейнде шомылу сәттерінің видеокөрінісі ғаламтор беттерінде жарияланған.
Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, пілдердің су ішінде тұмсықтары арқылы тыныс алуын бақылау өте қызықты.
Алып жануарлар жүзуден жоғалтқан энергиясын екі есе тамақтану арқылы қайтарып алады.