Мереке күндері елордада қоғамдық тәртіпті қадағалауға 1500 полиция қызметкері мен әскери қызметкер жұмылдырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке күндері елордада қоғамдық тәртіпті қадағалауға 1500 полиция қызметкері мен әскери қызметкер жұмылдырылады

26.12.2016
 Мереке күндері елордада қоғамдық тәртіпті қадағалауға 1500 полиция қызметкері мен әскери қызметкер жұмылдырылады

31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында және қаңтардың 7-і мен 8-і күндері Астана Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі.

ҚР ІІМ полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері жалпы саны 1500 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сондай-ақ, мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады.

ІІД хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық шаралар кешені жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу үшін бақылау күшейтілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу