«Иілмеген бәйтерек – Иманжүсіп» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Иілмеген бәйтерек – Иманжүсіп»

15.07.2015
«Иілмеген бәйтерек – Иманжүсіп»

Иманжүсіп – жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал-серілер дәстүрін ұстап, саятшылық  құрып, палуан атанады. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта  шырқаған. Ал, Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең  арнаған.

Иманжүсіп – ақын, әнші. Оның «Ерейментау», «Сарымойын», «Сарыарқа», «Сейпіл Мәлік», «Әкем – Құптан», «Сарыбел» әндері ел арасында кеңінен тараған.

Иманжүсіптің басқа серілерден өзгешелігі сол, ол – әрі ақын,  әрі әнші, әрі палуан, өр мінезді өткір адам. Қазақтың азаттығы үшін арпалысып өткен жандардың бірі. Сатқындық пен опасыздықты, әділетсіздік пен қуғындауды да көп көрген. Сонда да қайыспай, биліктің сойылын соқпады.  Иманжүсіп тұлғасы барынша дара.

Иманжүсіптің өмірі, шығармашылығы туралы не білеміз? Оның ұрпақтары қайда? Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу