Бұл туралы агенттіктің ресми сауалына жауап берген Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, босану кезінде әйелінің жанында болған әкелердің ешқайсысы есінен танбаған. Сонымен қатар, осындай қадамға барушылардың қатары жылдан жылға артып келеді.
«Бұл арқылы отбасы мүшелері бір біріне деген сыйластығын көрсетіп, балаларының өміріне бейжай қарамайтынын дәлелдейді», - дейді Н. Қасымов.
Айта кетейік, Павлодар облысында жыл сайын шамамен 8 мың босану тіркеледі.