«Арғымақ» – Джоуи деген жылқы мен Альберт есімді баланың арасындағы достықты баяндайтын фильм.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Джоуиді атты әскермен бірге Франциядағы майданға алып кетеді. Альберт соғысқа қатысуға жасы жетпегеніне қарамастан, досын құтқару үшін майданға аттанады.
Ұрыс даласында түрлі қиындыққа тап болса да, түбінде достар бірін-бірі табады.
Режиссер Стивен Спилбергтің туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те көріңіздер.