Жұмыс барысында атақты тәпсірлер мен әртүрлі тілдердегі мағыналық аудармалар сараланған, деп жазады muftyat.kz.
Оқырманның Құран мәтіндерін қаз-қалпында ұғынуы мақсат тұтылған. Ол үшін қасиетті аяттардың мағыналары мен стилінің өзгеріссіз сақталуы басты назарда.
Сөздердің мәнін ашатын балама және қосымша мағыналары тік және жай жақшалардың ішінде көрсетілген. Қазақ тілінің бай сөздік қоры кең қолданылған. Аударманы редакциялауға араб, қазақ тілдерінің білгірлері мен жетекші діни мамандары да атсалысқан.
Кітап діни және тілдік сараптамалар тарапынан оң бағаға ие болған.