Астана күніне орай композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Жалғас Кеңесовтің «Астана – әсем қала» атты кеші өткен еді. Осыған орай композитор бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Астанамыз күннен күнеге көркейіп келеді. Мен Елордаға арнап оншақты ән жаздым. Оның алғашқысы Алтынай Жорабаева орындап жүрген «Астанаға арнау». Одан кейін Досымжан Таңатаров, Рүстем Жүгінісов орындап жүрген әндер бар.
Негізі кеш өткізу идеясы Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлерінен түсті. «Астанаға он ән жазған екенсіз, кеш өткізсек қалай қарайсыз», деген. Мен бұл ұсынысты бірден қабылдадым. Кеш көңілдегідей өтті»,-дейді сазгер.
«Биыл шығармашылық кештерім Ұлытаудан басталды. Одан кейін Жезқазған, Сәтбаев қалаларында концерт өткіздік. Онда Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз бастап, Сембек Жұмағалиев, Досымжан Таңатаров сынды әншілеріміз өнер көрсетті.
Мамыр айында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында әндерімнің байқауы өтті. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында да ән байқауы ұйымдастырылды. Ел арасында жас өнерпаздардың болуы көңіл қуантады»,-дейді Жалғас Кеңесов.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.