Су астындағы оқиға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Су астындағы оқиға

Су астындағы оқиға

Бұл жоба әлемді жаңа тани бастаған кішкентай балаларға арналған. Жобаға ұлттық менталитетімізден ойып тұрып орын алған үлкеннің кішіге берер ізгі тәрбиесі негіз болады. Көпті көрген, өткенінен сабақ алған, артта қалдырған жылдарынан тәжірибе жинаған Ата немересіне болашағына қажетті болар азық қалдырады. Өзіне тек жақсылық қалайтын Атасынан бағыт-бағдар алған Алақай алдынан кездескен күрделі жағдайлардан «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей», даналық пен тапқырлықты ту етіп, абыроймен шығады. Осы жағдайлар жобада кішкентай көрермендерге түсінікті әрі жатық тілде жеткізіледі.


Хабарламаларға жазылу