Дәрігер Дана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Дәрігер Дана

Дәрігер Дана

Ақылды да сүйкімді Дананың сүйікті ойыны – қуыршақтарын емдеу. Өйткені Дананың ата-анасы – дәрігерлер. Есін білгелі ата-анасының адамдарды емдеп, жұртқа жасаған жақсылығын көріп өсіп келе жатқан бүлдіршін дәрігер болуды армандайды. Ол өзін «Дәрігер Дана» деп атайды.

Дана күн сайын емдеу бөлмесі секілді жабдықталған шатырында «Денсаулық сабақтарын» жүргізеді. Ол өзінің сиқырлы медициналық сумкасын ашқан сәттен бастап ойыншықтарына жан бітеді. Дана ойыншықтарына гигиеналық тазалықты сақтау керегін, дұрыс тамақтануды және оның ерекшеліктерін айтып, денсаулық күтудің негізгі ережелерін үйрететін болады.


Хабарламаларға жазылу