Сиқырлы кітаптар

Әңгіме Айдар мен Ғалым деген, екі дос туралы. Оқуында қиындықтары бар Айдарға екілігін түзету үшін Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңін жаттау керек екен. Ғалым әрдайым досының қызулы мінезін оқуға бағыттап, көмектесуге тырысады. Сөйтіп, екеуі мектеп кітапханасына келеді. Қызықты оқиғалары осыдан басталады. Дәл осы жерде Айдар мен Ғалым сыр-құпия сақтаушы - қарт кітапханашымен танысады. Содан байқамай Бүлдіргіш деген кітап зиянкесін босатып алады. Оның жасаған былығын түзету үшін екі дос сырлы Кітап әлеміне аттанады. Бірақ Бүлдіргіш оларға қайта-қайта әртүрлі қастық ойлап, кедергі жасай береді. Ақырында балалар бәрін орын-орнына қойып, түзетеді, алайда Бүлдіргіш басқа кітаптің ішіне қашып үлгереді. Осылайша кітап зиянкесінің артынан қуып жүріп, және де оның жасаған қателерін түзетіп Айдар мен Ғалым әр серияда қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларына саяхаттайтын болады.


Хабарламаларға жазылу