SAQALAR - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
SAQALAR

SAQALAR

Жылдар бойы барлық балалар қызыға ойнап келген асықтар ешкімге еленбей ескі шатырда жатыр. Енді ұзақ жатыстан шаршаған асықтар тірі кейіпкерлерге айналып ойынды өздері жүргізеді. Кезінде үлкен жарыста Қошқардың сақалары мен Арқардың сақалары ойнап, қошқар сақалар жеңіп, арқар сақалар жеңіліс тапқан болатын. Сол жеңілісті ұмыта алмай әбден ызаланған кәрі Мұжық сақа (Арқардың сақасы) өзінің шәкірттерін алып келіп, өзін жеңіп кеткен ата сақаға (Қошқар сақа) шақырту тастайды. Ата сақа оның ұсынысын тек бір шартпен ғана қабылдайтын болып келіседі. Ол шарт - дайындыққа уақыт беру. Екі жақ келіседі. Ендігі жұмыс - жас сақаларға ойынның шарттарын үйретіп, үлкен жарысқа дайындау. 

Хабарламаларға жазылу