Қызыл мен Күлгін

Қызыл мен Күлгін

Анимациялық сериалдың оқиғасы Құбыжық Town атты шағын қалашықта өтеді. Мұнда мейірімді және сүйкімді монстрлар өмір сүреді. Олар қала көшелерінде бір-бірімен араласып, қыдырып жүреді, автокөліктер мен велосипедтерді жиі қолданылады. Олар әртүрлі – үлкен және кішкентай, тез және баяу, олардың түстері әртүрлі, бірақ бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді. Әр тұрғынның әрбір іс-әрекеті қалаға қуат береді – бұл қаладағы басты ғимаратта – қалалық әкімшілікте орналасқан үлкен жақсылық индикаторында (санағышта) көрсетілген. Қаланың барлық тіршілігі әрекеті осының энергиясына, энергия санына байланысты. Индикатордағы сандар осы қалада қаншама жақсылық жасалғанының көлемін көрсетеді және бұл көрсеткіш үнемі артып келеді. Монстрлар әрқашан сыпайы және мейірімді болуға тырысады. Бірақ кейде олар өздерін ұстай алмай, түсінбей қалып бір қиянат жасайды. Одан кейін бүлдіргенін түсініп, өздерінің қателіктерін түзей бастайды, ал қалғандары оған көмектеседі, кейде бәрі бірігіп жағдайды түзейді. Қаладағы әр жақсы іс-әрекет қуаныш пен игіліктің санын өсіреді. 

Хабарламаларға жазылу