Кім болғың келеді?

Кім болғың келеді?

Жобаның мақсаты - бүлдіршіндерге әртүрлі мамандық туралы ұғынықты тілде, көркем анимациямен айтып, таныстыру.

ХХІ ғасыр – жаңа идеялар мен инновациялар ғасыры. Күллі әлем жаңа бағытта дамып, жаңа мамандықтарды игере бастады. Балалар да келешек мамандықтарын таңдауда қателеспейтіндей жол көрсетушіге мұқтаж. Себебі кей мамандықтар уақыт талабына сай өзгеріп, тіпті қажетсіз болып жатыр. Жаңа мамандықтар нарыққа шығуда. Сол себепті балаларға кішкентай кезінен түрлі мамандықтарды таныстыру өзекті. Осы мақсатта «Кім болғың келеді?» анимациялық жобасы арқылы түрлі мамандықтарды анимациялық кейіпкерлер арқылы балаларға ұсынамыз. 

Хабарламаларға жазылу