Алпамыс

Алпамыс

Жобаның мақсаты - кішкентай телекөрермендерді қазақ ауыз әдебиетінің алтын қазынасы, халықтың рухани мәдениетінің айнасы, өмірлік көзқарасы мен ой танымының көрінісі – қазақ эпосымен, жалпы қазақ фольклорымен таныстыру, сол арқылы жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, ана тілге құрметін, ел тарихына қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ адамгершілік, шыншылдық, әділеттілік іспетті құндылықтарды қалыптастыру. Алпамыс сияқты көрнекті әрі дара кейіпкер кішкентай керермендерді батыл, ержүрек, қамқор, мейірімді болуға, сонымен қатар туған жерін қорғау үшін ешқандай қиындыққа мойымауға шақырады. Оның өзін-өзі ұстауы баланың бойындағы көшбасшылық қабілетін дамытады, бойына сенімділік ұялатады, мақсатына жетелейді, көпшіл және жайдары мінезді болуға үйретеді, жауапкершілігін арттырады.

Хабарламаларға жазылу