Ақ үй алғаш рет Ресейдің екі ірі мұнай компаниясына санкция салды
Дональд Трамп екінші президенттік мерзімінде алғаш рет Мәскеуге Украинадағы соғысқа байланысты санкция салды. АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің ең ірі екі мұнай компаниясы — «Роснефть» пен «Лукойлға» қарсы ауқымды шектеу шараларын жариялады. Вашингтон бұл шешім арқылы Мәскеуді соғысты тоқтатуға және дереу бітімге келуге мәжбүрлемек.
Жалғас
Сәдібекұлы, тілші:
Ресейдің мұнай саласына қатысты АҚШ-тың алғашқы санкциясы Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды. «Кремльдің бейбіт процесті шынайы түрде қолдауға дайын еместігі Вашингтонды осындай қадамға итермеледі», - делінген онда. «Біз Ресейдің соғыс машинасын қаржыландыратын екі ірі мұнай компаниясына санкция енгізіп отырмыз», - дейді Қаржы министрі Скотт Бессент. Қара тізімге сондай-ақ «Роснефть» пен «Лукойлдың» қырыққа жуық еншілес кәсіпорындары да енген. Әрі бұл компаниялардың барлық америкалық активтері бұғатталмақ және америкалықтарға олармен кез келген іскерлік байланыс жасауға тыйым салынады.
Дональд Трамп,
АҚШ президенті:
Бүгін өте маңызды күн. Біз Ресейдің екі ірі мұнай компаниясына қарсы үлкен санкциялар енгіздік. Бұл ұзаққа созылмайды деп үміттенеміз. Соғыс аяқталуы тиіс. Біз түрлі зымыран түрлері мен өзге де қадамдар бойынша шараларды қамдадық, бірақ мұның қажеті болмайды деп ойлаймыз. Ресей әскерінің бұрыннан қалыптасқан шепте тоқтап, үйлеріне қайтқанын қалаймыз. Өткен аптада олардың шамамен сегіз мың сарбазы қаза тапты. Көптеген ресейлік өткен аптада, ал көптеген украиндықтар осы аптада мерт болды. Біз мұның тезірек аяқталғанын қалаймыз.
Жалғас
Сәдібекұлы, тілші:
Трамп сондай-ақ Венгрияда өтеді деп жоспарланған Путинмен кездесуден бас тартқанын айтты. Оның пікірінше, қазір кездесуге сәтті уақыт емес.
Жалғас
Сәдібекұлы, тілші:
Расымен де бұл шешім Ресей экономикасына үлкен соққы болмақ. Өйткені «Роснефть» елдегі қара алтынның шамамен 31 пайызын, ал «Лукойл» 15 пайызын өндіреді. Яғни, екеуі бірге Ресейдің жалпы мұнай өндірісінің жартысына жуығын қамтып отыр. Ал АҚШ-тың қаржы министрі: «Егер қажет болса, Президент Трамптың соғысты тоқтату бастамасын қолдау үшін қосымша санкциялар енгізуге дайынбыз», - деп мәлімдеді.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егемендік декларациясы - жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 20:57

«Жүректен жүрекке» өнер фестивалі жас таланттарға қанат бітірді
23.10.2025, 20:48
«Агробизнес»: «Аграрлық несие корпорациясы» қаржылай қолдау көрсетеді
23.10.2025, 20:30
«Талдықорған-Үшарал» магистралді газ құбырының құрылысы аяқталды
23.10.2025, 20:30
Ипотекалық бағдарламалар қайта ашылады
23.10.2025, 20:30
Егемендік декларациясы – жаңа реформалардың негізі
23.10.2025, 20:30
Ақтөбеде жастар саябақты тазалады
23.10.2025, 20:30
«Хабар» агенттігіне – 30 жыл!
23.10.2025, 20:30