Басты Жаңалықтар БҚО-да ереже бұзған жүргізушілер қара тізімге ілігеді

БҚО-да ереже бұзған жүргізушілер қара тізімге ілігеді

Батыс Қазақстан облысында бұдан былай ереже бұзған көлік жүргізушілері «қара тізімге» ілігеді. Өңірде тасжолдағы көлік апаты 10%-ға, ал зардап шеккендер саны 15%-ға көбейген. Сондықтан жергілікті билік жүргізуші құқығынан айырылған адамдарды бірден анықтайтын жасанды интеллект әдісін енгізбек. Ал тасжолға шығып кеткен малды жарық шағылыстыратын элементтермен белгілеу ұсынылды. Бұл қараңғы уақытта жол апаттарын болдырмауға көмектеседі. Жол-көлік оқиғасы жиі болатын аумақтарда жаңа бағдаршамдар, жарықтандыру, «ақылды» қиылыстар мен жаяу жүргіншілер жолы салынады.


Бөлісу