Премьер-министр IT мамандармен кездесті
Премьер-министр IT мамандармен кездесті. Олжас Бектенов технократтармен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында белгіленген тапсырмалар аясында білім беру, спорт және өнеркәсіп салаларындағы стартаптарды қолдау мәселесін талқылады. Отандық компания өкілдері AI Kitap және OlympIQ жобаларының іске асу барысы туралы баяндады. AI Kitap — оқушылардың деңгейіне сай оқу материалын бейімдейтін, оқу прогресін талдайтын цифрлық оқулық. Ал OlympIQ – спорт саласын дамытуға арналған технологиялық платформа, ол жасанды интеллект арқылы медициналық деректерді өңдейді. Үкімет басшысы жаңа инновацияарды дамыту Үкіметтің басым бағыты екенін атап, отандық өнімдерді қолдауға дайын екенін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
