Басты Жаңалықтар Вашингтонда Түркі халықтарының фестивалі өтті

Вашингтонда Түркі халықтарының фестивалі өтті

Америкалықтарды баураған балдырған қазақ қыздары. АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Түркі халықтарының фестивалінде мектеп жасындағы қазақ қыздарынан құралған «Гүлдер» би тобы алғаш рет өнер көрсетті. Алты мен тоғыз жас аралығындағы қыздар тобы «Ерке қыз» биімен көрерменді тәнті етсе, он мен он екі жас аралығындағы жасөспірім бишілер «Әлқисса» биімен жұрттың қошеметіне бөленді.  Бұл топтар Америкада жеті жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан қазақ «Гүлдер» би тобының шәкірттері. Осы елдің заң шығарушы органы – Капитолидің жанында болған шарада түбі бір түркі жұртының ұлттық салт дәстүрлері де паш етіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын фестивальді көру үшін 20 мыңға жуық адам жиналады.


Бөлісу