Брюссельдегі форумда Дүниежүзілік түркі медиа қауымдастығы құрылды
«Жаһандық медиа кеңістігіндегі түркі әлемі». Брюссельде 5-халықаралық түркітілдес журналистердің медиафорумы өтті. Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырған басқосуға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия мен Еуропа елдеріндегі түркітілдес БАҚ өкілдері қатысты. Форумда журналистер түркі әлемінің бірлігін нығайту, ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. 350 млн-нан астам түбі бір түркінің ақпараттық ағынға ықпалын арттыру үшін ортақ ақпарат алаңын қалыптастырып, өзара тәжірибе алмасу жайын қаузады. Шара барысында Дүниежүзілік түркі медиа қауымдастығы құрылып, оған Қазақстан мен Бельгия, Нидерланд, Франциядағы түркітілдес БАҚ мүшелікке қабылданды. Қауымдастық өкілдері енді 18-19 қарашада Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында бас қосып, өзекті мәселелерді қозғамақ.
Нәзия Жоямергенқызы, Дүниежүзілік түркі медиасы қауымдастығының басшысы:
Түркітілдес журналистер медиа форумының басты мақсаты да осы түркі халықтарының арасындағы бауырластықты, рухани бірлікті, тарихты және оның түп тұқиянын, түбірін, салт дәстүрін медиа арқылы насихаттау. Бір бірімізге тығыз байланыста болып, жақын болу.
Юсуф Джинал, «Белтурк» қоғамдық қорының директоры:
Түркітілдес журналистер бір біріміздің тілімізді үйреніп, оны балаларға үйретіп, білгенімізбен бөлісуіміз керек. Халықтар, мәдениеттер арасындағы достықты нығайтуда біздің атқаратын рөліміз орасан. Біздің бастамамызды енді саясаткерлер де қолдаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
