ШҚО-да 960 шақырым жол жөнделді
Биыл шығыста 960 шақырым жол жөнделді. Ол үшін облыстық және республикалық бюджеттен 83 миллиард теңге бөлінді. Өскемен – Шемонайха және Ресей шекарасына дейінгі халықаралық бағыт. Бұл жол талай жылдан бері тозығы жетіп ойылып жатқан. Биыл жүргізушілерді әбден мезі қылған автокөлік жолын жөндеу аяқталды. Ал Өскемен мен Шемонаиха қаласына дейінгі 110 шақырым жол орташа жөнделді.Соңғы жылдары өңірде жол жөндеуде мамандар ескі асфальтты да кәдеге жаратып жатыр. Оны қайта өңдеп жаңадан салынатын қабат астына төсейді. Бұл қаржыны үнемдеумен қатар жол төзімділігін де арттырады. Солтүстік -шығыстағы қақпаға апаратын жолдың жөнделуі сол маңдағы ауыл тұрғындары үшін де маңызы зор.
- Жаздан бастап жөнделген жол жақсы. Бұрын мұнан жаман болған. Қазір 1 сағаттың көлемінде келеміз.
Алмас Қасенов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:
Орташа жөндеу ресайклеу әдісі арқылы екі қабатты асфальт төселді және абаттандыру жұмыстары, жол белгілерін жаңарту жолды таңбалау жұмыстары да қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
