Басты Жаңалықтар АЭС құрылысына қатысты семинар басталды

АЭС құрылысына қатысты семинар басталды

Атом энергиясы жөніндегі халықарлық агенттік өкілдері Астанаға келді.  Бұл жолы делегация АЭС салуға қатысты семинар өткізіп, нұсқаулық әзірлеуге келген. Нұсқаулықта құрылысқа қажет материалды Қазақстанға жеткізуден бастап, ядролық энергетика бағытында мамандарды дайындауға дейінгі мәселелер қамтылмақ. Жиында қауіпсіздік жайы да сөз болды. Халықаралық агенттік бұл ретте елімізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің департамент директоры:

Бұл семинар болашақта атом электр станциясын пайдаланушы компанияларға арналған. Қалай жұмыс істеу керек, қандай шараларды қабылдау керек екенін білу үшін МАГАТЭ сарапшыларын шақырдық.  


Бөлісу