Футбол клубтарын жекешелендіру тиімді ме?
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билет бағасын шарықтатқан алыпсатарлар тексерілетінін айтты. «Солай ма? Білмеппіз, әрине, тексереміз», – деген. Бұл уәде деп ойлаймыз.
Тарихи ойынның билетін 2–3 есе қымбатқа сатқан алыпсатарлардың ішінде танымал артистердің балалары да бар екені туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Бір билетке қол жеткізе алмаған және бірнеше есе қымбатқа билет алған жанкүйерлер алыпсатарлардың жазаланғанын қалайды.
Ал біздің материал футбол клубтарының жекеменшікте болуы туралы. Футбол клубтарын жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландыруға наразы адам аз емес. Соңғы уақытқа дейін легионерлердің орасан гонорар алып келгені көпшіліктің ашуын туғызатын.
Себебі сол гонорарға лайық ойын да болмайтын. Ал клубтар жекеменшікте болса, бар жағынан тиімді екені біздің елде де көріне бастады. Иә, бұл әсте оңай емес. Көп, өте көп инвестиция керек. Футбол – стадиондағы эмоция ғана емес, кәдімгідей салмақты бизнес.
Бір жағы, мемлекетте ақша да жоқ. Екінші жағынан, клуб сатып алуға құлшынған кәсіпкерлер қарасы да қалың емес. Ал футбол – дамығаны жақсы, маңызды ойын. Нұрсұлтан Тілектес сараптап көреді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы туристік инновациялары үшін халықаралық марапатқа ие болды
21.10.2025, 10:52

Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің жаршысы
21.10.2025, 10:47
Өзбекстанда келесі жылы халық санағы өтеді
21.10.2025, 10:45
Британияда әскерилер қауіпті дрондарды атып түсіруге рұқсат алуы мүмкін
21.10.2025, 10:44
Драмп: Украина соғыста жеңуі екіталай
21.10.2025, 10:44
БҰҰ: Мыңдаған палестиналыққа шұғыл көмек қажет
21.10.2025, 10:34
Елімізде бизнес идеяға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды
21.10.2025, 10:31
Атырау облысында жаңа ықшам аудандарға инфрақұрылым толық жүргізілмеген
21.10.2025, 10:26