Президент мемлекеттік наградалар тапсырды
Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан қос бірдей ардагерге мемлекеттік марапаттар табыстады. Қоғам қайраткері Равиль Шырдабаев «Отан» орденін кеудесіне тақса, танымал хирург Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз Равиль Шырдабаевты мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқан азамат деп айрықша құрметтейтінін айтты. Әсіресе мұнай-газ саласын өркендетуге мол еңбек сіңіргенін еске салды. Сонымен қатар Президент білікті дәрігер Серік Тоқпановтың медицина саласына сіңірген еңбегіне тоқталды. Аса күрделі операциялар жасап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қадірлі, Равиль Тәжіқараұлы, халқымыз өзіңізді жақсы біледі, айрықша құрметтейді. Министр, облыс әкімі, депутат ретінде ұлт мүддесіне адал қызмет еттіңіз. Құрметті, Серік Имақұлы, сіз білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде дүйім жұртқа қадірлі, сыйлы азаматсыз. Сіздерге берілетін бүгінгі жоғары мемлекеттік марапат – ел игілігі үшін жасалған табанды еңбектің лайықты жемісі. Бұл – жұртымыздың шынайы ықыласы және зор алғысы.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
23.10.2025, 10:13

Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
23.10.2025, 10:12
403 педагог кадрлық резервке енді
23.10.2025, 10:10
25 қазан - азат елдің айшықты күні
23.10.2025, 10:09
Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
23.10.2025, 10:08
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
23.10.2025, 10:02
Өзбекстанда үкіметаралық комиссия отырысы өтеді
23.10.2025, 10:01
Сенат жасанды интеллект туралы заңды қарайды: не өзгереді?
23.10.2025, 09:59