Барлық мектепте «Білімім – отанымa» атты бірыңғай сынып сағаты өтті
Оқу жылының соңғы күнінде еліміздегі барлық мектепте «Білімім – Отанымa» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Бұл – мұғалім еңбегіне құрмет пен оқушылардың білімге деген ынтасын көрсететін дәстүрлі шара. Елордадағы №104 «Келешек мектебінде» министр Ғани Бейсембаев түлектермен кездесіп, ашық сабақ өткізді. Ол жастарды адалдыққа, еңбекқорлыққа және азаматтық жауапкершілікке үндеді. Биыл елімізде 217 мыңнан астам оқушы мектеп бітіріп жатыр. Оның 5 пайызы «Алтын белгіден» үмітті. Министр түлектерге сәттілік тілеп, кеңесін айтты.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Ешқашан сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар. Екінші, ол табандылық. Бұл барлық мақсат, арман, мұраттарыңызға жету үшін табандылықтың қажеті сөзсіз. Және еңбекқорлық пен адалдықты серік ету керек.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
23.10.2025, 10:13

Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
23.10.2025, 10:12
403 педагог кадрлық резервке енді
23.10.2025, 10:10
25 қазан - азат елдің айшықты күні
23.10.2025, 10:09
Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
23.10.2025, 10:08
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
23.10.2025, 10:02
Өзбекстанда үкіметаралық комиссия отырысы өтеді
23.10.2025, 10:01
Сенат жасанды интеллект туралы заңды қарайды: не өзгереді?
23.10.2025, 09:59