Синтетикалық есірткі және интернет алаяқтармен күрес күшейеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің парламентшілеріне синтетикалық есірткіге және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейтуді ұсынды. Бұл туралы ол Бішкекте өткен ұйымның Парламенттік Ассамблея Кеңесінде айтты. Ерлан Қошанов Қазақстанда осы бағыттағы заңдар қатаңдағанын және интернет алаяқтық үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударуға шақырды. Бұл ретте Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін өңірлік орталығы құрылғанын еске салды. Сонымен қатар тәжік-ауған шекарасын нығайту қажеттігін айтты.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы синтетикалық есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-әрекет саласында ортақ құқықтық кеңістік құруға ықпал ете алады. Қазақстан депутаттары осы жұмысқа белсене атсалысуға дайын. Бұл мәселелерде бізде бұрыннан қалыптасқан құқықтық тәжірибе бар.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
23.10.2025, 10:13

Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
23.10.2025, 10:12
403 педагог кадрлық резервке енді
23.10.2025, 10:10
25 қазан - азат елдің айшықты күні
23.10.2025, 10:09
Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
23.10.2025, 10:08
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
23.10.2025, 10:02
Өзбекстанда үкіметаралық комиссия отырысы өтеді
23.10.2025, 10:01
Сенат жасанды интеллект туралы заңды қарайды: не өзгереді?
23.10.2025, 09:59