Тұтынушылардың дені автомобиль, теміржол қызметіне шағымданған
Иә, биыл көлік, теміржол саласында атқарылған жұмыстар аз емес. Дегенмен биыл тұтынушылардан түскен шағымның дені осы салаларға тиесілі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдерінің дерегінше, жалпы 56 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Оның 13 мыңы электрондық саудаға қатысты болса, қалғаны бөлшек сауда мен тұрмыстық қызметтерге байланысты.
Жауапты ведомствоның жүргізген тәуелсіз зерттеуіне сүйенсек, халықтың 71% – автомобиль саласындағы қызметке көңілі толмайды. 64% теміржол саласына, 52,6% – туризм , ал 41% – медициналық қызметтерге шағымданған. 36% – банк саласындағы қызмет көрсету сапасына қанағаттанбайды.
Болат Танабергенов, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, еліміздің Қостанай, Қарағанды, Жетісу облыстарының тұрғындары теміржол саласының қызметіне көбірек шағымданған. Ал Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарының азаматтары туризм саласының қызмет көрсету сапасына разы емес.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:25
Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:22
Ресей мен Беларусьті 2026 жылы Паралимпиада ойындарына қатыстырмайды
24.10.2025, 13:19
Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты
24.10.2025, 13:17
Алматыда дроппер-әйел ұсталды
24.10.2025, 13:14
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
24.10.2025, 13:11
Қазақстан – цифрлық технология саласында көшбасшы
24.10.2025, 13:08
Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
24.10.2025, 13:05