Басты Жаңалықтар Елордада ТМД Үкімет басшыларының кеңесі өтті

Елордада ТМД Үкімет басшыларының кеңесі өтті

Яғни осы ТМД Үкімет басшылары Кеңесі арқылы қабылданған шешім инвестицияны ынталандырып, кедендік реттеуді жеңілдетуді көздейді. Тараптар сондай-ақ жаңа логистикалық тізбекті қалыптастырып, цифрлық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр. Әлихан Смайылов Кеңес отырысында, ТМД елдерінің қарым-қатынасы әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдісті азайтып, Қазақстанның төрағалығы аясында ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты жұмыс істелгенін айтты.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

Өзара іс-қимыл негізінен пандемияның зардаптарын азайту бойынша келісілген шараларды жүзеге асыруға бағытталды. Бүгін біз оның нақты нәтижелерін көріп отырмыз, яғни мемлекеттеріміздің экономикасы біртіндеп қалпына келіп, іскерлік белсенділік арта түсті.

ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары 2023 жылы Беларусь Республикасында ТМД елдерінің II ойындарын ұйымдастыру мәселесін талқылады. Шара қорытындысы бойынша делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.

Ақерке Бектас

Бөлісу