Елімізде үйді заңсыз жалға бергендер жауапқа тартылады
Кірістер комитеті үйді заңсыз жалға беретіндерді жаңа тәсілмен анықтауға көшті. Қазір бюджетке салық төлемей пәтерін жалға беретін жеке тұлғаларды анықтау үшін ведомствоаралық жоспар құрылған. Енді учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйді заңсыз жалға берушілердің тізімін жасайды. Бақылау аяқталған соң азаматтарға ескерту беріледі. Талапты орындамаған жағдайда өзге де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұған дейін елде кәсіппен заңсыз айналысқандарға 7 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Тәртіп бұзушылардың арасында ғимаратты жалға берушілер мен такси жүргізушілері бар. Заңсыз кәсіпке салынатын айыппұл 45 мың теңгеден басталады. Қайта бұзғаны үшін 76 мың теңгеден аса ақша төлейді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
23.10.2025, 10:13

Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
23.10.2025, 10:12
403 педагог кадрлық резервке енді
23.10.2025, 10:10
25 қазан - азат елдің айшықты күні
23.10.2025, 10:09
Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
23.10.2025, 10:08
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
23.10.2025, 10:02
Өзбекстанда үкіметаралық комиссия отырысы өтеді
23.10.2025, 10:01
Сенат жасанды интеллект туралы заңды қарайды: не өзгереді?
23.10.2025, 09:59