Басты Жаңалықтар Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі

Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі

Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі. Демек қазан және қараша айындағы азаматтардың жинағы бойынша 3 және 6 айға ұсынылған мөлшерлеме 17,5 пайызға көтерілді. Депозиттерге кепілдік беру қоры бұл Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерген соң іске асқанын хабарлады. Жарты жыл немесе бір жылдық жинақ депозиті үшін мөлшерлеме 13-15 пайыз деңгейінде қалады. Бұған дейін депозитте ақшасын ұлттық валютамен жинаған адамдардың келер жылы 10% сыйақы алатыны туралы хабарладық. Елде 5 млн депозит иесінің сыйақы алуға мүмкіндігі бар екен. 

Ақерке Бектас

Бөлісу