Таңшолпан. Ақын Тоқтарбек Қызықбайдың өнегелі өмірі ұрпақтарына үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Ақын Тоқтарбек Қызықбайдың өнегелі өмірі ұрпақтарына үлгі

28.05.2019
Тоқтарбек Қызықбай поэзия жанрында замандастарының арасынан суырылып шыққан ақын. Оның шығармашылығына қазақ қаламгерлерінің ақсақалы Әбу Сәрсенбаев батасын берген екен. Ақын Тоқтарбек Қызықбай 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетенің журналистика факультетін тәмамдап, алдымен аудандық, кейін облыстық газетте тілші, әдеби қызметкер, бас редактор орынбасарының қызметтерін атқарды. Журналистикадағы жолы Алматыда жалғасқан маман «Егемен Қазақстан» газетінің, «Ақиқат», «Қазақстан мектебі» журналының дамуына үлес қосты. Тоқтарбек Қызықбай «Қыр гүлдері», «Алтай әуендері», «Темір тізгін», «Парыз», «Арайлы шақ», «Жусан иісі», «Жүрек оты», «Жылдар жаңғырығы», «Сәуір лебі», «Көңіл қоңырауы», «Зайсан», «Өмір — сапар» жыр жинақтарының авторы. Шығармашылышық ғұмырында оқырманға он бес кітап сыйлаған ақынның өлеңдері ешкімге ұқсамайды. Қаламгерге шабыт берген музасы - жұбайы Роза Сәлиқызы. Бала кезден бір ауылда өсіп, студенттік кезді бірге өткізген олар бір-бірінің бойындағы ерекше қасиеттерін бағалай білген. Достық сезім сүйіспеншілікке ұласып, екеуі отбасын құрған. Үш перзент сүйіп, алты немеренің қызығына тоймаған ерлі-зайыптылар 42 жыл тату-тәтті ғұмыр кешкен.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл