Таңшолпан. Кеңес Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаевты еске алу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңшолпан. Кеңес Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаевты еске алу

08.05.2019
Аты аңызға айналған 28 панфиловшылардың қатарында болған жетісулық Мұсабек Сеңгірбаевтың есімі ел есінде. Ержүрек сарбаз Мәскеу түбіндегі шайқаста жау танкілеріне тойтарыс беру үшін өмірін құрбан етті. Даңқты жерлесімізге 1942 жылы Кеңес одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Мұсабек Сеңгірбаев есімі ауылға да, көшеге де, мектепке де берілген. Мұсабек Сеңгірбаев 1917 жылы 17 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1941 жылға дейін трактор жүргізуші болып жұмыс істеген. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына алынды. Осы жылдың 16 қарашасында Сеңгірбаев Дубосеково темір жолы айырмасында танкіге қарсы шайқасатын топтың құрамында жаудың бірнеше шабуылын тойтаруға және 18 танкісін жоюға қатысты. Бұл ерлік тарихта 28 панфиловшылар ерлігі деген атпен қалды.

Таңшолпан

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00-10:00 аралығы«Таңшолпан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының беташар бағдарламасы. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға іл