Апта. «Заман-ай» әні қалай туды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апта. «Заман-ай» әні қалай туды?

02.09.2018
Семей полигоны қазаққа қасірет пен қайғыдан қан жұрттырды, жүрекке жазылмас жара салды. Тұтас халықтың санасын сілкінтті. Көрген азапты ақындарымыз шығармаға, киногерлеріміз кино желісіне, композиторларымыз әнге арқау етті. Сүйекке таңба түспесе, ұлт тағдырына сойыл сілтенбесе, Бекежан Тілегенов «Қара жел» романын жазбас еді. Роза Мұқанова «Ләйланың зарын» кітапқа басып, Сатыбалды Нарымбетов «Қыз жылаған» фильмін түсірмес еді. Роза Рымбаева «Заман-ай» әнін шырқамас еді. Иә, сай-сүйегіңді сырқыратар туынды. Сөзін Ұлықбек Есдәулет, сазын Төлеген Мұхамеджанов жазған бұл әннің жалпы тарихы қалай еді? Егер мүмкін болса, ақынның өз аузынан естісек. «Аpta» студиясы Алматыда жүрген Ұлықбек Есдәулетпен байланысқа шықты.

Апта

Эфирге шығатын уақыты: Жексенбі, 20:00«Апта» бағдарламасы - еліміз бен әлемде бір апта көлемінде болған саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларғ