Апта. Қазақстанда ажырасу саны өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апта. Қазақстанда ажырасу саны өскен

17.02.2019
Таяуда өткен жылдың қорытындысын жасаған Статистика комитеті еліміздегі халықтың табиғи қозғалысы туралы мәліметті жариялады. 2018 жылы Қазақстанда 137 мыңнан астам жас шаңырақ көтеріпті. Өткен жылдармен салыстырғанда едәуір аз. Есесіне ажырасушылардың саны көбейіп кеткен. Мына кестедегі соңғы онжылдықты қамтититын ресми мәлімет сөзімізге дәлел. Қараңыз, 2010 жылы 146 мыңдай неке тіркеліп, 41 мыңдай отбасы ажырасыпты. Одан кейінгі жылдардағы статистика да осылай жалғасады. Неке саны артқан сайын, ажырасушылар да артып отырған. Ал, былтыр, керісінше отбасын құрушылар саны 137 мыңға бір-ақ түсіп, есесіне ажырасу рекордтық көрсеткішке жетіпті. 54 797. Осынша отбасының шаңырағы шайқалған.

Апта

Эфирге шығатын уақыты: Жексенбі, 20:00«Апта» бағдарламасы - еліміз бен әлемде бір апта көлемінде болған саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларғ