Ақпарат. Алматыда «Қыз-келіншектерге тегін такси» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Алматыда «Қыз-келіншектерге тегін такси» акциясы өтті

08.03.2018
Алматыда мереке қарсаңында апа-әжелер мен қыз-келіншектерге арналған тегін такси қызметі жұмыс істеді. «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры екі күн бойы осындай акция ұйымдастырды. 20 орындық «Мерседес» автокөлігі «Саяхат» автобекетінен «Алтын орда» базарына дейін күні бойы қатынады. Райымбек даңғылы бойымен жүріп, бір бағытқа баратын қыз-келіншектерді тегін тасымалдады. Негізінен жетім балаларға көмек берумен айналысатын қоғамдық қор өкілдері осындай шараларды алдағы мейрамдарда да тұрақты түрде өткізіп тұрмақ. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Айнұр МаратқызыЭфир күні мен уақыты: дүйсенб