Ақпарат. Қытайдың Гуйян қаласында сұрапыл дауыл соқты
14.03.2018
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының астанасы Гуйян қаласында ауа райы тосын мінез танытты. Мұнда сұрапыл дауыл соғып, күн күркіреп, бұршақ аралас жаңбыр жауған. Соның салдарынан көшелерді су мен мұз басып, көлік қатынасы қиындады. Кейбір жолдар мүлдем жабылған.