Ақпарат. Сайлау құқықтарын жетілдіру талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Сайлау құқықтарын жетілдіру талқыланды

15.03.2018
Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарының жүзеге асырылуы, бұл саладағы жаңа мүмкіндіктер мен тың тәжірибелер. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесі осындай тақырыппен  жиын өткізді. Заңнамаға сай мүмкіндігі шектеулі жандар сайлау процесіне кедергісіз қатысуы керек. Орталық сайлау комиссиясы бұл саладағы тың тәжірибелерді зерттеуге және оны қолдануға мүдделі екенін айтты. Жиында мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдері сайлау учаскелері мен ғимараттарды стандарттарға сай етіп жасақтау жолдарын талқылады. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Айнұр МаратқызыЭфир күні мен уақыты: дүйсенб