Ақпарат. Еліміз іскерлік туризмді дамытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Еліміз іскерлік туризмді дамытады

20.03.2018
Әлем бойынша МАЙС туризмнің, яғни, іскерлік туризмнің болашағы зор. 2020 жылға қарай дәл осы іскерлік туризм мол табыс әкелетін саланың біріне айналуы мүмкін. Сондықтан, Қазақ елі де осы үрдісті ескере отырып, МАЙС туризмнің дамуына ерекше көңіл бөле бастады. Мәселен, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы өзінің осы бағыттағы алғашқы қадамы ретінде Мәскеуде арнайы роуд-шоу өткізді. Шараға 50-ге тарта ресейлік туристік операторлар мен ивент агенттік өкілдері келді. Жиында еліміздегі туризм саласына жауапты ұлттық компания қызметкерлері, Қазақстандағы іскерлік туризм нысандарын көпшілікке жан-жақты таныстырды. Содан соң, қазақстандық және ресейлік туристік компаниялар B2B форматында, яғни бетпе-бет отырып, ынтымақтастықты арттыру жайлы келіссөздер жүргізді.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: