Ақпарат. «Air France» қызметкерлері ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. «Air France» қызметкерлері ереуілге шықты

30.03.2018
Франция астанасы Париждің әуежайларында ұшақ рейстері доғарылып жатыр. Бұған «Air France» компаниясы қызметкерлерінің ереуіл жариялауы себеп болған. Наразылық акциясына орай жүздеген жолаушы бірнеше сағат бойы әуежайда қалуға мәжбүр. Олар рейстердің доғарылғаны туралы алдын ала хабар алмағандарына өкпелі. Ал, ереуілшілер инфляцияға орай еңбекақыларын 6 пайызға өсіруді талап етіп жатыр. Жалпы алғанда, наразылық акциясы кезінде Париж әуежайларына қонатын және ұшатын рейстердің 80 пайызы тоқтап қалған.

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: