Ақпарат. Ким Чен Ын K-pop өнерін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Ким Чен Ын K-pop өнерін тамашалады

02.04.2018
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын алғаш рет Пхеньянда оңтүстіккореялық әртістердің әндерін тыңдады. K-pop стилінде орындаушылар Солтүстік Кореяға гастрольдік сапармен барған. Ким Чен Ын жұбайымен бірге 2 сағаттық концертті соңына дейін көріп, кейін әншілермен суретке түсті. Шараға Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрімен бірге өзге де өкілдері қатысқан. Музыкалық сапар екі Корея арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған шаралардың бір бөлігі. Ал, Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің қатысуымен демилитарланған аймақта алдағы уақытта өтетін саммит саяси маңызды оқиға болмақ. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: