Ақпарат. Елімізде соңғы уақытта суицид деректері азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Елімізде соңғы уақытта суицид деректері азайған

03.04.2018
Балалар арасындағы суицидті болдырмау үшін бала тәрбиесіне көңіл бөлген жөн. Алматыда бас қосқан мамандар осыны айтты. Олардың сөзінше, былтыр елде 154 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаса, жыл басынан бері 25 бала өмірін қиған. Десек те, психологтар соңғы уақытта суицид деректері азайғандығын алға тартты. Мәселен, 2008 жылы 300-ден аса жас бала қыршын кеткен. Сол тұста жасөспірімдер суицидінің алдын алу жобасы әзірленді. Соның нәтижесінде суицид жасауға асыққандардың саны 35 пайызға төмендеген. Алайда, қауіп әлі де жоқ емес.   

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: