Ақпарат. 2020 жылы балабақша кезегі 100 пайызға жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. 2020 жылы балабақша кезегі 100 пайызға жойылады

03.04.2018
Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар. Осыған сәйкес, былтыр 445 млрд. теңге бөлініп, ол 99 пайызға игерілген. Осы бағдарлама аясында нөлінші сыныпты енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы нөлінші сыныпты оқушылар латын қарпімен бастайды. Бұдан бөлек, орта білім беру бойынша жаңартылған мазмұнға көшу жалғасады. 2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7-сыныптар көшті. Ол жалпы сыныптардың 42%-ын құрап отыр. Төрт жылға жоспарланған мемлекеттік бағдарламаға жүктелген тағы бір міндет - 3-6 жас аралығындағы балаларды толығымен балабақшамен қамту. 

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Қаракөз ТұрмағанбетқызыЭфир күні мен уақыты: